Клуб туралы

 

 

 

Орта Азияда сирек кездесетiн және дербес

Веллнесс-Клуб ЛУКСОР» кешеніне қош келдiңiздер!

«Бiздiң клуб жаңа салауатты өмiр салтына ұмтылатын және денсаулық пен әдеміліктің ғасырында өмір сүретін заманауи азаматтар үшін құрылған. Бiздiң борышымыз – қауымға веллнесс күйіне бөленуге, сау және қуатты өмір салтын ұстануға көмектесу. Бiздiң мақсатымыз - әрбiр жеке адам және жалпы қоғам арасында салауатты өмiр салты мен веллнесс күйінде өмір сүруді насихаттау. Сау, бақытты, әдемi адам - салауатты және мықты мемлекеттiң - негiзi, кез-келген елдің бақытты келешегінің кепілі.

Алты жыл ішінде Біз өзімізді қарқынды дамып келе жатқан клуб ретінде таныттық, бұған фитнес, SPA, сән, мультимедиа мен дизайн саласындағы соңғы жаңартпаларды қолдана отырып, заманауи дамыған клуб құрғанымыз дәлел. Сіздерге ынтымақтық, жақсылық пен мол махаббат құшағындағы бақытты өмірді тілей отырып, «ЛУКСОР» сіздерге әдемілік, жастық пен ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй мен шаттықты сыйлайды!»

Аса құрметпен ,

Әлия Назарбаева


Wellness Club LUXOR есігін ресми түрде 2005 жылдың 18 наурызында ашты.

12 000 шаршы орынды алып тұрған кешен фитнес, сауықтыру және SPA, спорттық-сауықтыру мен сәндік косметология салсындағы әртүрлі бағдарламаларды қамтыған.

Клуб мүшелерi мен қонақтар назарына ұсынарымыз: өзге теңдесі жоқ моншалы - термальды кешен; + 28 0 мөлдір таза су толтырылған ашық және жабық хауыздар, балаларға арналған хауыз; Technogym, Hammer және Life Fitness сияқты әлемге танымал белгiлi өндiрушiлердің кәсiби спорт жабдықтарымен қамтылған тренажер залы; жайлы VIP - қабат; балалар мини- клубы; медициналық орталық; (Франция) Jean-Claude Biguine сән салоны; Day Spa «Тефнут», лобби-бар және жаздық кафе, LUXOR жазғы террасасы, VI ұрпаққа арналған футбол алаңы, 800 шаршыдан астам аумағы бар жылбойы қызмет ететін заманауи «ЛУКСОР» мұзайдыны алаңы.

Клуб демалыссыз 07.00-ден 24.00-ге дейiн жұмыс iстейдi. Клубтың екi ғимаратында да 5 жеделсаты әрдайым сiздің қолданысыңызға дайын: екеуі сыртқы рецепцияларда, үшіншісі – iшкi аймақтарда. Клуб ішінде моншалық шекпен немесе спорттық киiммен жүруге рұқсат етілген. Сiз киiм ауыстыратын бөлмелерде орналасқан әрбiр киім сөресінен қажеттi (монша шекпені, сүлгi және шәркей) киім жиынтығын таба аласыз. Әрбiр киiм ауыстыратын бөлмеде ыңғайланған душ және дәліз бөлмелері, сонымен қатар сіздің демалысыңызға қолайлы өзге де ыңғайлықтар орнластырылған.

Өткізу жүйесі

Сiздiң жайлылығыңыз бен қауiпсiздiгіңіз үшiн клуб ішінде арнайы өткiзу жүйесі бар. Клуб ішіндегі сіздің қозғалысыңызды жеңілдету үшін уақытша клуб картасын магнитті қол браслетіне ауыстырады, оның көмегімен сіз есіктерді өзіңіз ашып жүре аласыз. Сіз төлемақы жасау үшін қызмет көрсету бөліміне өту, киім ауыстыру бөлмесіндегі сөрелердің есігін ашу сияқты бірқатар істерді өзіңіз атқара аласыз.

Сақтау орны

Клубтiң бiрiншi қабатында сiздің қолданысыңызға сақтау орны беріледі, онда өзіңізді бағалы, құнды заттарыңызды уақытша сақтауыңызға болады. VIP дәрежелі карта иелеріне VIP қабатында орналасқан киім ауыстыру бөлмесіндегі өздерінің жеке қолданысындағы киім сөрелеріне арнайы мини - сейфтер орналастырылған.

Сiздiң заттарыңыздың сақтау орнындағы қауіпсіздігі үшін Asia Security күзет компаниясы жауапты. Клуб тiршiлiгін қамтамасыз ететін жүйе – «ақылды үй». Жоғары технологиялы және зияткерлi жабдықтар автоматты түрде жайлылықты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді. Клуб ішіндегі ауа тазартуы жүйесі әлемдік танымал марка Carrier компаниясының желдеткіштерімен қамтылған. Жылыту жүйесі автоматты Viessmann қазандарымен жабдықталған.

Күзет

Сiздiң қолайлылығыңыз бен қауiпсiздiгіңізді қамтамасыз ету үшін бiздiң клубта барлық жағдайлар ескерiлген.

Бізді тәулік бойы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген кәсіби мамандар күзетеді.

Wellness Club LUXOR кешенінің ішкі көрінісі авторлық стильде орындалған еңбектің ерекше белгісі болып табылады. Алматы қаласының таза және табиғи әдемі аймағында орналасқан клубтың орны да ерекше көңіл аудартады. Клубтiң дамыған инфрақұрылымы, 100-ден астам көлікке арналған ыңғайлы автотұрақ, қауiпсiздiк, заманауи жабдықтар, кәсiби қызыметкерлер мен жоғары дәрежедегі сервис Wellness Club Luxor кешенінің бетке ұстар визит картасына айналды.

Біздің клубымыз денсаулық пен әдемілікті таңдаған жандар үшін әрдайым ашық!

Хабарласу орталығы

Қосымша мәлiметтерді алу үшін біздің хабарласу орталығымызға қоңырау шалу арқылы біліуіңізге болады: (727 ) 2677-555, 2677-577.

Біздің клубымызда сіздер жаңа сенімді достар тауып, пайдалы жарқын әсер алады деген үміттеміз.

Сіздерге деген сүйіспеншілікпен,

Wellness Club LUXOR